Түркияның түкпір-түкпірінде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ереуілге шықты.
Бұған себеп – инфляция деңгейінің 40 пайыздан асып тұрғанына қарамастан, 2026 жылдың бірінші жартысында жалақының небәрі 10 пайызға, ал екінші жартысында 6 пайызға ғана көтерілуі жөніндегі мәлімет болды.
Gazete Arena хабарлауынша, 2027 жылы жалақы әр алты ай сайын тек 4 пайызға ғана өседі деп күтілуде.
Сонымен қатар, үкімет комиссиясының отырысында базалық жалақыны 1000 түрік лирасына өсіру туралы ұсыныс енгізілген.
Ереуілге қатысушылардың бірі бұл ұсынысты келемеж деп атап:
«Азық-түлік бағасы мен қызмет ақысын салыстырғанда, мұндай ұсыныс – мазақ қылғанмен бірдей. Түркияда бұл ақшаға бір келі еттен басқа ештеңе сатып ала алмайсың», – деген ол.
18 тамыз күні кейбір мемлекеттік мекемелердің бірде-бір қызметкері жұмысқа келмегендіктен, олар мүлде жұмыс істемеген.