Түркияда ұлттық аза тұту жарияланды
Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның өліміне байланысты Түркияда бір күндік ұлттық аза тұту жарияланды.
Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Президент Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасында: «Палестина мәселесін қолдайтынымызды және палестиналық бауырларымызбен ынтымақтастығымызды көрсету үшін (2 тамыз, жұма) ХАМАС саяси бюросының төрағасы Исмаил Хание шейіт болуына байланысты бір күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Исмаил Хенияны және барлық палестиналық шәһидтерді мейіріммен еске аламын, өз атымнан және еліміздің атынан Палестина халқына көңіл айтамын»,-деген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иран Ислам республикасы Палестинаның исламдық қарсылық қозғалысы (ХАМАС) Саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның өліміне байланысты үш күндік жалпыұлттық аза тұту жариялаған еді.