Түркияның оңтүстік-шығысында қоры 150 миллион баррельді құрайтын ірі мұнай кеніші табылды.
Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған Министрлер кеңесінің қорытындысына арналған телебағдарламада мәлімдеп, «Бұл 2022 жылы құрлықта ашылған ең ірі он кен орнының бірі», - деген.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, кен орны Ширнақ провинциясындағы Габар тауының аймағында орналасқан болып, қордың құны шамамен 12 миллиард долларға бағалануда.
Түркия президентінің айтуынша, ел үкіметі қосымша сейсмикалық зерттеулер, бұрғылау жұмыстарын ұлғайту және өнімділікті арттыру әдістерін енгізу арқылы Түркия Республикасының жүз жылдығына қарай мұнай өндіруді тәулігіне 100 мың баррельге жеткізуді жоспарлап отыр.
«Пандемия кезінде көптеген мұнай-газ компаниялары бас тартқанымен, Türkiye Petrolleri барлау және өндіру жұмыстарын жеделдете түсті. Бір ғана 2021 жылдың өзінде 34 шахта ашылып, қазіргі қорымызға тағы 71 миллион баррель қостық», - деген президент Ердоған.