Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркияда коронавирустық өлім саны бойынша антирекорд тіркелді
09:36 / 2021-04-16

Түркияда кеше, 15 сәуір күні коронавирустың салдарынан 297 науқас қайтыс болды, бұл пандемия басталғаннан бері бұрын-соңды болмаған жағдай.

Ел денсаулық сақтау министрлігі хабарлауынша, өткен тәулікте COVID-19 жұқтырған 61 400 жаңа жағдайы анықталып, 2845 науқас ауруханаға жатқызылған және 297 адам қайтыс болды, - делінген.

Пандемия басталғаннан бері Түркияда коронавирусты 4 086 957 адам жұқтырды, оның 35 031-і қайтыс болды. Бүгінде үш мыңнан астам науқастың жағдайы ауыр екендігі айтылған.

Бұған дейін Ресей үкіметі Түркиядағы коронавирустық инфекцияның күрт өсуіне байланысты әуе рейстерді тоқтатуға шешім қабылдағанын хабарлаған еді.