Түркияда коронавирусқа қарсы енгізілген шектеулер жеңілдетілді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған коронавирустың елде таралуына қатысты кейбір шектеулер 1 маусымнан бастап жеңілдейтінін мәлімдеді.
Бұдан былай елде коменданттық сағат дүйсенбі мен сенбі күндері 22:00-ден 5:00-ге дейін жалғасатын болады. Ал, жексенбі күні бойы толық локдаун сақталады.
Кафелер мен мейрамханалар клиенттерді таңғы сағат 7-ден кешкі 9-ға дейін қабылдайтын болып, тамақ жеткізу қызметі сағат түнгі 12-ге дейін қол жетімді. Спортзалдар мен ойын-сауық парктері дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы сағат 7-ден кешкі 9-ға дейін жұмыс уақты саналады.
17 мамырдан бастап біртіндеп жеңілдетілген карантин шектеулеріне байланысты жиын-тойларды да эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізуге рұқсат берілген.