Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркияда карантиндік шектеулер жеңілдетілді
11:06 / 2021-05-17

Түркияда 17 мамырдан бастап карантиндік шектеулер жеңілдетілді.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, қоғамдық көліктермен қалааралық саяхатқа жұмыс уақытынан тыс кезде салонның 50 пайызына дейін жолаушы тасымалдауға рұқсат берілді. Бірақ әлі де кәмелетке толмағандар мен 65 жастан асқандар үшін мұндай сапарларға шығуға тыйым салынған.

Сауда орталықтары мен дүкендер аптаның жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік дүкендері мен базар демалыс күндері 10:00-ден 17:00-ге дейінге жұмысына рұқсат.

Сонымен бір қатарда 2021 жылдың 1 маусымына дейін елде енгізілген коменданттық уақыт жұмыс күндері сағат 21:00-ден 5:00-ге дейін ал, демалыс 24 сағатқа жарияланған.

Бұл ережелер Түркиядағы туристерге қатысты емес, бірақ елдің тұрақты тұрғындары оларды сақтауы керек екендігі баса айтылған.