Түркияда адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаның бесінші дозасы егілмек
Түркия вакцинаның төрт дозасын алған адамдарға бесінші коронавирустық вакцинаны жасауға рұқсат берді.
«Кем дегенде үш ай бұрын Қытайдың Sinovac вакцинасының екі дозасын және BioNTech вакцинасының екі дозасын алған адамдар бесінші дозаны қабылдауға жазыла алады», - деп жазады Daily Sabah газеті.
Бесінші дозаға арналған вакциналар қатарында Sinovac, BioNTech және отандық Turkovac вакцинасы қол жетімді.
Соңғы дерекке сай, Түркияда 4 қаңтар күні таңертеңгі жағдай бойынша 18 жастан асқан халықтың 83,26 пайызы екпенің екі дозасын толықтай алған.