Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркия әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау туралы Ыстамбул конвенциясынан шықты
14:10 / 2021-03-21

Түркия үкіметі Еуропа Кеңесінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оған қарсы күрес туралы конвенциясынан шыққанын жариялады.

«2011 жылы 11 мамырда Түркия қол қойған Еуропалық Кеңестің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы конвенциясы Түркия Республикасына қолданылуын тоқтатады», - делінген Президент Режеп Тайып Ердоғанның қол қойған жарлығында.

Вице-президент Фуат Октай ресми Анкара бұл келісімнен шықса да, республикадағы әйелдер құқығын қорғауды жалғастыратынын айтқан.

Қазір бұл конвенцияны 47 елдің 18-і ратификациялады. Конвенция зорлық-зомбылықтың алдын алудың минималды стандарттарын белгілейді.

20 наурызда Түркияда мыңдаған адам президенттен өз шешімін қайтаруын талап етіп наразылық білдірді. Осындай митингілер елдің ірі қалалары Ыстамбулда, Анкара мен Измирде өтті.

Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Джозеп Боррелл Түркияны конвенциядан шығу туралы шешімін қайта қарауға шақырған жәнеТүркия үкіметінің бұл шешіміне өкініш білдіріп оны түсінбейтінін мәлімдеген.