Түркия сыртқы істер министрі Өзбекстанға келеді
6-9 наурыз аралығында Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглу бастаған делегация Өзбекстанда болады.
Делегация Өзбекстан мен Түркия Сыртқы істер министрлерінің төрағалығымен өтетін Стратегиялық жоспарлау тобының екінші отырысына қатысады.
Сапар бағдарламасында Хиуа мен Бұхараға зиярат сапарлары, Түркияның Самарқандтағы Бас консулдығының ашылу салтанатына қатысу, сондай-ақ басқа министрліктер мен ведомстволардағы кездесулер және келіссөздер өткізу жоспарланған.