Сұрхандария облысының әкімі У.Қасимов Түркияның күн электр станцияларын құрумен айналысатын «Akgun Energy» компаниясының бас директоры Кемал Гүнай бастаған делегацияны қабылдады.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, кездесуде Өзбекстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар жоғары деңгейде жолға қойылғаны, екі елдің бизнесмендері өзара инвестиция тарту және перспективалық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасағаны атап өтілген.
«Түрік инвесторлары Сұрхандария облысының ауа-райы жылдың негізгі бөлігінде шуақты болатынын, кейінгі жылдары қажеттілік өсіп жатқан энергия, оның ішінде жаңартылатын электр көздерін енгізу үшін қажетті мүмкіндіктер мен жағдайлар бар екенін атап өтті және 100 МВт күн фотоэлектрлік электр станциясын салу жобасын ұсынды.
Келіссөздер соңында екі тарап сарапшыларының қатысуымен жобаның техникалық-экономикалық мүмкіндіктерін қарастырып, жетілдіру жұмыстарын бастау келісілді», делінген хабарламада.