Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркия «Спутник V» вакцинасының өндірісін мақұлдады
10:27 / 2021-04-19

Түркия COVID-19 ауруына қарсы Ресейдің «Спутник V» вакцинасының өндірісіне рұқсат берді. Бұл туралы дүйсенбі күні Yeni Şafak газеті коронавирус бойынша ғылыми кеңестің мүшесі доктор Афшин Эмре Кайыпмазға сілтеме жасап хабарлады.

«Түркияда вакцина өндіру барысында кейбір сынақтар өткізілді және осы процеске байланысты компанияның өтінішінен кейін мақұлданды», - деп келтіреді Түркиялық БАҚ хабарын ТАСС ақпарат порталы. 

Кайыпмаздың айтуынша «Спутник V» дозасын шығарудың құны шамамен 10 долларды құрайды. «Бұл Қытайдан 10-11 долларға жеткізілетін [қытайлық] Синовак вакцинасының құнына тең. Олардың құны салыстырмалы болғанымен, [вакцина] өндірісі сыртқы тәуелділіктен құтылады», - деген сарапшы.