Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркия Швецияның НАТО мүшелігіне қолдау көрсетуге келісті
10:13 / 2023-07-11

Түркия Швецияның НАТО мүшелігіне қолдау көрсетуге келісті.

Бұл туралы НАТО саммиті өтіп жатқан Вильнюсте НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

Оның айтуынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттаманы парламентке тезірек жіберуге келісті.

Бұдан бөлек Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон және НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг дүйсенбі күні кешке Вильнюсте швед-түрік ынтымақтастығын жалғастыру туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Құжатта 2022 жылы НАТО Мадрид саммитінде құрылған үшжақты бірлескен механизм, сондай-ақ жаңа екіжақты қауіпсіздік пактісі шеңберінде ынтымақтастықта тараптар жыл сайын министрлер деңгейінде кездесіп, қажет болған жағдайда жұмыс топтарын құратын болады.