Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркия С-130 ұшақтарының ұшуын тоқтатты
10:55 / 2025-11-14

Грузияда Түркия әскери ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін ел Қорғаныс министрлігі тергеу аяқталғанша С-130 әскери ұшақтарының ұшуын тоқтатты.

Ел Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, құтқару операциясы аяқталғанын жариялаған және қажетті сақтық шаралары қабылданған.

«Біздің ұшақтарымыздың ұшуын 12 қарашадан бастап сақтық шарасы ретінде тоқтаттық. Барлық техникалық тексерістер мен бақылаулардан сәтті өткен ұшақтар (С-130) қайтадан ұшуға шығарылады», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Ақпаратқа қарағанда, қазіргі уақытта барлық қаза тапқандардың денелері табылған, ұшақтың қара қутысы анықталып, Түркия үкіметіне тапсырылған. Енді ұшақтың кең аумаққа шашылған барлық бөліктері жинап, Түркияға жеткізіледі.

Министрлік ұшақта ешқандай қару-жарақ болмағанын, ішінде жеке құрам, сондай-ақ ұшақтарды қамтамасыз ету құралдары мен қосалқы бөлшектер болғанын хабарлады.

Сонымен қатар, министрлік ұшақ ескірген деген ақпаратты жоққа шығарды – ол Сауд Арабиясынан 2012 жылы сатып алынған, 2014 жылы әскерге қабылданған, модернизацияланған және 2022 жылы қайта қызметке енгізілген.