Түркия құрамасының ойыншысы жол апатынан қаза тапты
Түркия ұлттық құрамасының және «Коньяспор» клубының ойыншысы Ахмет Чалик жол апатынан көз жұмды.
Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Анкарада болған. 27 жастағы футболшы көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Ахмет Түркия құрамасы сапында 8 матч өткізіп, бір гол соққан болса, «Галатасарай» сапында екі рет Түркия чемпионы атанды. Футболшы осы маусымда «Коньяспор» сапында 18 кездесуде алаңға шыққан болатын.