Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркия Қара теңізде тағы бір ірі газ кен орнын тапты
14:47 / 2021-06-05

Түркияның «Фатих» бұрғылау кемесі Қара теңізде көлемі 135 млрд текше метр болатын жаңа табиғи газ кен орнын ашты. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

«Түркияның «Фатих» бұрғылау кемесі Қара теңізі Сакария учаскесіндегі Амасра-1 ұңғымасынан көлемі 135 млрд текше метр болатын жаңа табиғи газ кен орнын тапты», - деді Ердоған Филиос портының ашылу салтанатында.

Оның айтуынша, қазір Қара теңізде Түркия тапқан табиғи газ қорының жалпы көлемі 540 млрд текше метрді құрайды.

«Фатих» кемесі бұған дейін 2020 жылдың жазында Қара теңізде табиғи газ кен орнын тауып, сол кезде Түрік лидері кен орнындағы газ қоры 405 млрд текше метрге жетуі мүмкін екенін айтқан болатын.