Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркия Президенті Өзбекстанға келді
19:53 / 2022-03-29

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған жұбайымен бірге Өзбекстанға келді.

Ташкент халықаралық әуежайында оларды Президент Шавкат Мирзияев пен жұбайы күтіп алды.

Түркия басшысы Өзбекстан басшысымен бірге «Жаңа Өзбекстан» саябағында болып, Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. Қонаққа кешеннің тарихы мен мазмұны туралы айтылды. 

Айта кетерлік жайт, бұл шетелдік мемлекет басшысының сапары барысында «Жаңа Өзбекстан» саябағында өткен алғашқы мұндай салтанатты шара болды және алдағы уақытта дәстүрге айналады.