Түркия Президенті Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикерін қабылдады
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның Әділет және даму партиясының төртінші съезіне қатысқан Олий Мажлис Заң шығару палатасының спикері Н.Исмаиловты қабылдады.
Кездесу барысында Өзбекстан-Түркия қарым-қатынастары кейінгі жылдары екіжақты және көпжақты ынтымақтастық түрінде дамып келе жатқаны, өңірлер арасындағы қарым-қатынастардың айтарлықтай жанданып, жүйелі түрде орын алып жатқаны атап өтілді.
Сондай-ақ, кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту, атап айтқанда, парламентаралық байланыстарды жаңа деңгейге шығару туралы сөз болды.