Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркия мен Өзбекстан халықаралық жүк тасымалында жаңа жүйені іске қосады
10:23 / 2021-11-12

Өзбекстан мен Түркия халықаралық жүк тасымалы саласында жаңа E-Permit жүйесін іске қосады. Жүйе жүктерді тасымалдауға рұқсатнаманы цифрландыруға бағытталған.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылдың 31 наурызында өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес екі елдің Көлік және инфрақұрылым министрлігі рұқсатнама ұағазын электронды түрде жүзеге асыруға өзара іс-қимылды бастаған болатын.

Осы жылдың шілде айында Ташкентте өткен халықаралық автокөлік тасымалы бойынша өзбек-түрік бірлескен комиссиясының отырысында жүктерді тасымалдау үдерісін жеделдету мақсатында елдер арасында рұқсат бланкілерін электрондық (рұқсат ету) алмасу жүйесін енгізу шараларын жүзеге асыру бойынша міндеттер қойылған еді.

Бұл электронды жүйені енгізудің бастапқы кезеңі аясында Өзбекстан Көлік министрлігі түрік тарапымен келісім бойынша алғаш рет E-Permit жүйесін қолдану арқылы сынақ колоннасын ұйымдастырды.

Биыл 6 қарашада Өзбекстаннан шыққан автокеруен 10 қарашада «Сарп» шекара бекеті арқылы Түркияға жетті. Керуенді Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрлігі мен Кеден басқармасының қызметкерлері қарсы алғаны айтылады хабарда.