Түркия мен Өзбекстан Орталық банктері меморандумға қол қойды
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі Түркия Республикасының Орталық банкімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Орталық банктің мәліметіне қарағанда, меморандум екі елдің Орталық банктері арасындағы қатынастарды тереңдетуге бағытталған.
Бірлескен ынтымақтастық техникалық консультация, тренинг, семинар, сараптамалық сапарлар мен зерттеу қызметі арқылы Орталық банк қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін арттыруға қызмет етеді.