Түркия мен Греция өзара сенімді нығайтуға бағытталған бірқатар шаралар арқылы екіжақты қарым-қатынастарды жақсартуға ниетті.
Бұл туралы Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 7 желтоқсанда Афинада өткен кездесуде келісті.
Мицотакистің айтуынша, екі ел басшылары тиісті декларацияға қол қойды. Ердоған өз кезегінде келіссөздердің сәтті өткенін айтып, Мицотакисті Түркияға сапармен келуге шақырған.
Бірқатар министрлер қатысқан Түркия мен Грекия келіссөзінде туризм, сауда, энергетика және технология, білім және көші-қон салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге келісті. Бұдан бөлек, тараптар бес жыл ішінде тауар айналымын екі есеге ұлғайтып, 10 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр.
Туризм саласында түрік азаматтары Түркияға жақын орналасқан Грекияның он аралында демалу үшін жеңілдетілген тәртіппен виза ала алады. Бұл үшін Грекия Еурокомиссиядан рұқсат алмақ.