Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркия Айға ұшыруды жоспарлаған гибридті зымыранын көрсетті
13:38 / 2021-03-01

Ресми Анкара 2023 жылы гибридті зымыран арқылы Айға пилотсыз көлік жеткізуді жоспарлауда.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Түркия 2023 және 2028 жылдары аралығында ғарыштық бағдарламаның бірінші кезеңінде Айға ғарыш кемесін ұшырады.

 Түркия индустрия және технологиялар министрі Мұстафа Варанктың айтуынша, Айға сапар миссиясы екі кезеңде жүзеге асырылады: 2023 және 2028 жылдары. Біріншісі кезеңде Анкара Айға пилотсыз ғарыш аппаратын жеткізбек. «Біз халықаралық компаниялармен бірлесе отырып, жер орбитасына алғашқы ұшырылымды жасаймыз. Алайда біздің құрылғы жер орбитасына ұлттық бірегей ракетамыз арқылы жетеді », - деген ол.

Министр 2017 жылдан бастап ғарыштық жобалармен айналысатын «Delta V Space Technologies Inc» компаниясына барып, компанияның бірегей гибридті қозғалтқыш технологиясын көрген.