Түркия 2036 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер
Түркия 2036 жылғы жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын Ыстамбұл қаласында өткізу үшін Оңтүстік Корея, Қатар, Германия, Мексика, Венгрия, Мысыр, Үндістан және Индонезия сынды үміткер елдер қатарына қосылды.
Бұл туралы Президент Режеп Тайып Ердоған Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахпен кездесуінде мәлімдеген.

Ыстамбұл бұған дейін ең кейінгі Олимпиаданы өткізу үшінде үміткер болған, жарыс қорытындысында Токио қаласы жеңіске жеткен еді.
Еске салар болсақ, алдағы жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Парижде (Франция), 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) және 2032 жылы Брисбенде (Австралия) өтеді.