Түркі әлемі туризмінің картасы жасалады
24 маусымда ежелгі қолөнершілер қаласы Қоқанда Түркі кеңесінің туризм министрлері қатысуында VI-шы отырысы өтіп, онда түркі әлемі туризмінің картасын жасау туралы келісім жасалды.
Бұл картада түркі мемлекеттеріндегі негізгі тарихи, мәдени және туристік бағыттар қамтылмақ. Сонымен қатар, Түркі әлемінің туристік картасы Түрік кеңесіне мүше елдердің негізгі туристік бағыттарын анықтайтын эталондық жоба болады деп күтілуде.
Еске сала кетейік, осы кездесуде Түркі кеңесінің туризм министрлері екі мың жылдық тарихы бар Қоқан қаласын Түркі кеңесінің алғашқы туризм астанасы деп жариялаған болатын.