Түркияның «Alarko holding Altek» компаниясы Ферғанада күн фотоэлектр станциясын салады.
Әкімдіктің хабарлауынша, облыс әкімі Хайрулло Бозоров түрік компаниясының бас директоры Хакан Айтекинді қабылдады.
Кездесуде Ферғанадағы күн фотоэлектр станциясының құрылысы және осы перспективалық жобаның қаржылық аспектілері талқыланды.
Кездесуде Хакан Айтекин компания Түркияда 1000 МВт жобамен жұмыс істеп жатқанын айтты. Қолайлы мүмкіндік жасалған жағдайда компания осы тәжірибеге сүйене отырып, бұл жобаны Ферғанада жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеген.
Түрік серіктестері тарапынан айтылған бұл ұсынысты толық қолдау мақсатында облыстың бірнеше аудандарының жауапты қызметкерлері жобаны жүзеге асыруға қолайлы орындарды таныстыруға бекітілді.
Осы кездесуде алдымен жобаның өңірлердегі орнын анықтап, соған байланысты бірлескен күш-жігер жоспарын әзірлеу үшін қайтадан бас қосуға келісілді, делінген хабарламада.