2021 жылдың 23-24 маусым күндері Түркітілдес елдердің туризм министрлері қатысуындағы VI отырысы және Туризм бойынша жұмыс тобының XV жиыны Қоқан қаласында өтеді.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, кездесуде Кеңеске мүше елдердегі туризм салсын пандемиядан кейінгі жағдайда қалпына келтіру, «Қасиетті қажылық» жобасын іске асыру және мүше мемлекеттердің ірі қалалары арасындағы халықаралық рейстерді жолға қою мәселелері талқыланады.
Айтулы шараға Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әмреев, Түркия елінің Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғыз Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары - Экономика және қаржы министрі Ақылбек Жапаров, Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік туризм агенттігінің төрағасы Фуад Нагиев өзінің қатысатынын растаған.
Осы орайда айта кетерлік жайт, Қоқандағы кездесу - Өзбекстан Республикасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше болғаннан кейінгі алғашқы министрлік іс-шара.
Бұған дейін Хиуа, Бұхара, Самарқанд және Ташкент Түркі кеңесі жүзеге асырған «Modern Silk Road» бірлескен туристік маршрут жобасына қосылған еді.
Алдағы шарада, шетелдік қатысушыларға туризм саласындағы перспективалық жобалар, туризмге келу мүмкіндіктері, қолөнердің әлеуеті, Ферғана аймағындағы экотуризм және гастрономия таныстырылатын болады, делінген хабарда.