Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркі кеңесі аясында турнирлер ұйымдастырылады
13:30 / 2021-02-11

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев Ташкенттегі сапары аясында Өзбекстан футбол қауымдастығының бірінші вице-президенті Равшан Ирматовпен кездесті.

Кездесуде Түрік кеңесіне мүше елдерде спортты дамыту және насихаттау, ұлттық құрамалар мен клубтар арасындағы халықаралық жарыстарды ұйымдастыру, футбол төрешілерін қайта даярлау және тәжірибе алмасу, футбол қауымдастықтары мен федерациялары арасында жан-жақты ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Түрік кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев мүше елдердің ұлттық және әр түрлі жас топтары арасында ойындар өткізуге мүмкіндік бар екені мен бұл тек футболдың дамуына ғана емес, сонымен қатар түркі халықтары арасындағы бауырластық қатынастардың дамуына ықпал ететінін айтты.

Бас хатшы сонымен қатар Түркиядағы Суперкубок үшін өтетін матчты Өзбекстанда өткізу туралы келіссөздер жүргізіп, матчтың Өзбекстанда ұйымның қамқорлығымен өткізілуін қамтамасыз етуді ұсынды.

Өз кезегінде қауымдастықтың вице-президенті мәртебелі мейманға келгені және жылы жүздесу үшін алғысын білдіріп, қауымдастық тарапынан жоғарыда айтылған ұсыныстар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын екенін айтты.