Регистан алаңында Түркі мемлекеттері ұйымының Самарқанд саммиті аясында ұйымға мүше және бақылаушы елдердің Мемлекет басшыларының қатысуымен «Жасыл кеңістік» жобасы аясында көшет отырғызу шарасы өтті.
Оған Ұйымға мүше Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, сондай-ақ бақылаушы мәртебесіне ие Венгрия, Түркіменстан елдерінің астаналарында да бір мезетте ұйымдастырылған көшет отырғызу шаралары онлайн монитордан көрсетілді.

Айтулы шара барысында Президент Шавкат Мирзияев сөз сөйледі.
– Түрік өркениетінің астанасы – көне Тұранның жауһарына айналған әзім Самарқанд қаласында Сіздерді тағы бір мәрте қарсы алғаныма қуаныштымын.
Бүгін біз Түркі мемлекеттері ұйымының бірінші тарихи саммитін өткіздік, маңызды шешімдер қабылдадық.

Түркі әлемі өркениетінің жаңа дәуірін бастайтын Самарқанд декларациясына қол қойдық.
Сонымен қатар, талай тарихи оқиғалардың куәсі болған ғажайып Регистан алаңында тұрып, түркі әлемі өркениетінің жаңа кезеңіне символдық түрде қадам басып отырмыз.
Ұлы бабаларымыздың ғасырлық дәстүрін жалғастыра отырып, тағы бір игі бастаманы қолға алудамыз.
Ұйымымызға мүше және бақылаушы елдердің барлығы экологияның ең өзекті мәселесіне бірінші кезекте мән беріп, бұл маңызды міндетті табиғат-ананы сақтау мен тұрақты дамудың кепілі деп санайтыны белгілі.

Атап айтқанда, Өзбекстанда «Жасыл кеңістік» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Түркіменстанда барлық аймақтар мен ел астанасы Ашхабадты жасыл аймаққа айналдыруға бағытталған ұзақ мерзімді Ұлттық орман бағдарламасы нәтижелі жұмыс істеуде.

Түркияда жыл сайын 11 қараша Ұлттық көгалдандыру күні ретінде кеңінен аталып өтіледі.
Көп жылдар бойы Әзербайжанда «Жасыл марафон» бағдарламасы негізінде көшет отырғызу бастамалары сәтті жүзеге асырылып келеді.
Қазақстанда барлық аймақтарды жасылдандыру бойынша бес жылдық ұлттық бағдарлама жүзеге асырылуда.

Қырғыз Республикасында 2022 жыл «Тау экожүйесі және климаттық тұрақтылық жылы» болып жарияланды және оның аясында «Жасыл мұра» ұлттық науқаны белсенді түрде жалғасуда.

Венгрия үкіметінің қалаларды қосымша жасылдандырудың негізгі бағдарламасын шын жүректен құптаймыз.
Бұл еңбектердің барлығы түркі халықтарының ортақ дамуы мен өркендеуіне деген ортақ ұмтылысымыздың айқын нышаны десек, артық айтқандық емес.

Бүгінгі күні түркі әлемінің құрметті көшбасшылары осынау құтты жерге өз қолдарымен көшет отырғызып жатқанын жоғары бағалаймыз.
Өйткені, бұл өскіндер – өмір ағаштары, достық пен өзара сенім, руханият пен болашақтың бағы болып бой көтермек.

Түркі халықтарында «Жақсыдан бақ қалады» деген дана сөз бар.
Бүгінгі ізгі ниетпен жасап жатқан осынау жұмыстарымыздың игілігін қазіргі және болашақ ұрпақ міндетті түрде жемісін көретініне сенімдімін, – деді Шавкат Мирзияев.
ӨзА