Қоқан қаласында халықаралық «Түркі тілді жастар» фестивалі өтіп жатыр.
Конференция аясында Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымына (ТүркСОЙ) мүше Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстан елдерінің БАҚөкілдері, туристік компаниялар мен гид қызметкерлерінің қатысуымен Ферғана облысы бойынша медиа-тур ұйымдастырылды.

Шара барысында Түркияның «TRT», «TRT Avaz» телеарналары және «Anadolu» ақпарат агенттігі, Қазақстанның «Хабар-24» және «Атамекен» телеарналары, Қырғызстанның «Alyans Press» және «Kaber» интернет-басылымдарының журналистеріне Өзбекстанның тарихи орындары мен туристік орталықтары туралы, Ферғана аңғары жайлы қызықты материалдар дайындалды.

Қонақтар алдымен Қоқан қаласында орналасқан Худоёрхан ордасы, 18 ғасырда салынған тарихи мешіт және Норбутабек мешітімен танысып, ағаштан ою, жібек тоқымашылық, қыш құю сияқты қолөнер орталықтарын аралады.
Халықаралық медиа турға қатысушылар дайындаған бұл өнімдер туысқан елдерден Өзбекстанға келетін туристер санын арттыруға қызмет ететіні сөзсіз.