Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлері Самарқандқа барды.
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлері – Инам Каримов (Әзербайжан), Ербол Қарашүкеев (Қазақстан), Асқарбек Жәнібеков (Қырғызстан), Вахит Киричиді (Түркия) Самарқанд темір жолы вокзвлында облыс әкімі Е.Турдимов қарсы алды.
Мұнда облыс әкімінің қонақтармен қысқаша кездесуі өтіп, онда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастық байланыстары дамып келе жатқаны айтылды. Ауыл шаруашылығы саласындағы кооперацияны одан әрі дамыту мақсатында өткізілетін іс-шаралар салада үлкен мүмкіндіктерге жол ашатыны айтылды.
Сондай-ақ, қонақтарға Самарқанд облысының елдің аграрлық секторындағы рөлі мен әлеуеті туралы мағлұмат берілді. Өз кезегінде қонақтар жылы шырайлы қабылдауға ризашылықтарын білдіріп, тарихы мен бай мәдени мұрасымен ғана емес, сонымен қатар экономикалық әлеуетімен де әйгілі Самарқандта болғандарына риза екендіктерін жеткізді.
[gallery-7849]
Кездесуден кейін қонақтар Әмір Темір кесенесі, Регистан алаңы, Имам Мотуриди, Шахи Зинда, Мырза Ұлықбек кешендері, Конигил туризм ауылы, Махдуми Азам ғибадатханасы сияқты киелі орындармен танысты.
Ғ.Хасанов