Түркі елдер Сыртқы істер министрлері кезектен тыс кездесу өткізеді
Түрік мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері 11 қаңтарда шұғыл жиын өткізеді.
Түркі мемлекеттері ұйымының қазіргі төрағасы Түркияның бастамасымен ұйымға мүше және бақылаушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлері 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстандағы соңғы оқиғаларды талқылау үшін онлайн форматта кезектен тыс кездесу өткізеді, делінген хабарламада.