Түркі әдебиетінің тамаша үлгілерін жариялау туралы ұсыныс жасалды
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға қатысты өзекті мәселелер көтеріп, Түркі әдебиетінің тамаша үлгілерін жариялау туралы ұсыныс жасады.
Ұсыныстың мәніне назар аударсақ, онда Түркі әлеміне орасан зор үлес қосқан Әлішер Науаи, Абай Құнанбаев, Юнус Эмре, Махтумқули Фироғий сынды ұлы жазушылар мен ғалымдардың шығармашылық мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында «Түрік әдебиетінің 100 томдық қазынасы» атты туынды топтамасын мүше мемлекеттердің ана тілінде шығару айтылған.