French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Төрешінің көмекшісі Марио Дикс Еуро-2020 турнирінен шеттетілді
11:55 / 2021-04-14

Голландиялық футбол төрешісі Дэнни Маккеллидің тобындағы көмекші төреші Марио Дикс Еуро-2020 турнирінен шеттетілді.

Omrop Fryslan басылымының мәліметінше, Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Сербия мен Португалия құрамалары арасындағы матчта Криштиану Роналдудың голын байқамаған көмекші төреші жазда өтетін Еуропа елдері арасындағы Еуро-2020 турнирінен шеттетілген.

Бұл кездесуде бас төреші Дэнни Маккелли соңғы шешімді Марио Дикстің нұсқауы бойынша қабылдаған. Өйткені матчта VAR жүйес қолданылмады. Ал, осы процесте доптың қақпа сызығын кесіп өткенін 43 жастағы төреші байқамаған, ал Португалия құрамасының жеңісті голы тіркелмей ойын тең аяқталды (2:2).

Ойыннан кейін Дикс бейне қайталауды көргеннен кейін қателік жібергенін мойындады және ол үшін Португалия бапкері Фернанду Сантуштан кешірім сұраған.

«Марио Дикспен көп жылдар бойы жұмыс істедім, бірақ қаншалықты қиын болмасын мен онымен қоштасамын. Оның орнына енді Ян де Фрис иелік етеді» деген Дэнни Маккелли.

Португалия құрамасының сардары Криштиану Роналду кездесуде төрешінің шешімімен келіспейтіндігін мәлімдеп, ойын уақыты аяқталмай алаңнан капитандық таңғышын лақтыра шығып кетті. Кейіннен капитан таңғышты алған Белград стадионының қызметкері оны аукционда сатып, ақшасын қайырымдылыққа жіберетіндігін айтты. 31 наурыздағы дерек бойынша Ронидің капитандық таңғышы аукционда 10 млн еуроға дейін жеткен.