French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Transfermartkt порталы Тайландтағы Азия чемионаты U-23 командаларының терансферлік бағасын жариялады
14:45 / 2020-01-12

Өзбекстан жастар құрамасы рейтингте Жапония мен Кореядан кейін үшінші орынға жайғасқан


Футбол әлеміне қатысты ала доп айналасы мен жасыл алаң ішіндегі маңызды ақпараттар порталы саналатын «Transfermartkt» неміс веб-сайты, Тайландта өтіп жатқан төртінші реткі Азия чемпионатындағы олимпиадалық жасөспірімдер құрама командаларының трансферлік бағасын жариялады.

Онда, рейтинг көшбасын Жапония жастар құрамасы жетекшілік етіп, олардың трансферлік бағасы 16,3 миллион еуроға бағаланған. Бұл дегені құрама сапындағы футболшылардың орташа бағасы 709 мың еуро деген сөз.

Ал, екінші орынға осы жарыстың фавориті саналатын Оңтүстік Корея құрамасы жайғасқан. Олардың жалпы трансферлік бағасы 11,45 миллион еуроға бағаланған.

Күшті үштіктен Азияның ең кейінгі жеңімпазы саналатын Өзбекстан жастар құрамасы көрініп, олардың трансферлік құны 8,68 миллионға бағаланған. Ал құрама сапындағы жартылай қорғаушы Азиз Ғаниев 1,1 миллион трансферлік бағамен жарыстағы жастар арасындағы рейтингте 5 орынға жайғасқан. 

ы (2).png

Бүгін Өзбекстан құрамасы чемпионаттағы екінші кездесуін Қытайға қарсы өткізеді. Ойын Ташкент уақытымен 18:15те басталады. Алғашқы кездесу Иран мен 1:1 есебінде тең аяқталған болатын.