Тұран жолбарысы футзалдан әлем чемпионатының символына айналды
Биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның үш қаласы Ташкент, Әндіжан және Бұхара қалаларында футзалдан әлем чемпионаты өтеді.
Осыған орай әлем чемпионатының ресми логотипі жарияланып, Хан атты Тұран жолбарысы байрақты бәсекенің символына айналды.
Орталық Азияның жоғалған қазынасы ретінде сипатталған Тұран жолбарысының әлем чемпионатының бойтұмары ретінде жариялануы бүкіл әлемді жануарлар әлемін қорғауға үндеді.