Трамптың негізгі қарсыласы президенттік сайлаудан бас тартты
АҚШ президенттігіне үміткер Никки Хейли президенттік сайлаудан бас тартатынын мәлімдеді.
Бұл туралы ол Чарлстонда (Оңтүстік Каролина) сөйлеген сөзінде мәлімдеп: «Мен американдықтардың дауысын естігім келді. Мен мұны істедім. Мен қазір ештеңеге өкінбеймін. Енді үміткер болмасам да, мен сенетін нәрсем үшін дауысымды пайдалануды тоқтатпаймын», - деген Хейли.
Бұған дейін «Wall Street Journal» Хейлидің жоспарлары туралы хабарлаған еді.
6 наурызда «Супер сейсенбіде» АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен қазіргі мемлекет басшысы Джо Байден көптеген штаттардағы праймеризде жеңіске жеткені хабарланды. Бұл екі үміткердің президенттік орынға таласатыны күн өткен сайын нақтылана түсуде.
Айта кетейік, Никки Хейли бұған дейін Оңтүстік Каролина штатының губернаторы және АҚШ-тың БҰҰ-дағы арнайы өкілі болып жұмыс істеген.