Трамптың Facebook және Instagram аккаунттары қалпына келтірілді
Meta компаниясы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарын қалпына келтірді.
Әлеуметтік желі қолданушылары Трамптың парақшаларын тағы да көре алады. Ондағы соңғы жазбалар 2021 жылдың 6 қаңтарында – Вашингтондағы Капитолийге шабуыл жасалған күн жарияланған.
Қаңтар айының соңында Метаның жаһандық мәселелер жөніндегі президенті Ник Клегг Трамптың Facebook және Instagram аккаунттары алдағы апталарда қалпына келтірілетінін айтқан еді.
Сонымен қатар ол алдағы уақытта ереже бұзылса, Трамптың посттары жойылып, аккаунттары бір айдан екі жылға дейін қайта бұғатталуы мүмкін екенін атап өткен.