Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Трамп өзінің әлеуметтік желісінің ашылғанын жариялады
10:09 / 2021-10-21

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп «TRUTH Social» деп аталатын өзінің жеке әлеуметтік желісінің ашылғанын хабарлады.

«Мен технологиялық алпауыттардың озбырлығына қарсы тұру үшін TRUTH Social және TMTG (Trump Media & Technology Group - ред.) құрдым», - деген ол.

Қолданбаның бета нұсқасы қараша айынан бастап жұмыс істей бастайды, бірақ қосымшаны толыққанды іске қосу мерзімі 2022 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.