Трамп «TikTok» және «WeChat» қосымшасына қатысты тыйым салу жарлығына қол қойды
Трамп «Microsoft» әлде басқа АҚШ компаниясы «ТикТок» қосымшасын 15 қыркүйекке дейін сатып алуы керек болмаса әлеуметтік желі АҚШ-та тыйым салынады деп мәлімдеген болатын
АҚШ президенті Дональд Трамп қысқа уақыт ішінде әлеуметтік желіде танымал болған Қытайдың мобилді қосымшасы «TikTok» және «WeChat» қосымшасына тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды.
Жарлық қол қойылғаннан күннен бастап 45 күн өткен соң күшіне енеді. Онда айтылуынша «ByteDance» және «Tencent» қосымшаларына иелік етуші кез-келген компаниялармен келісімге тыйым салады.
Құжаттқа сай «ТикТок» пен «WeChat» АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, экономикасы мен саясатына қауіп төндірген ретінде көрсетілген болып, онда қосымшаны пайдаланған азаматтар орналасқан жері, олар кіретін сайттар, сонымен қатар интернеттен іздейтін ақпарат туралы мәлімет жинайды. Бұл Қытайға «федералды қызметкерлер мен мердігерлердің тұрған жерін бақылауға, бопсалау мақсатымен жеке ақпаратты жинауға, сондай-ақ өндірістік тыңшылықты жүргізуге» мүмкіндік беруі мүмкіндігі келтірілген.
Бұған дейін 3 тамызда Трамп «Microsoft» немесе басқа АҚШ компаниясы «ТикТок» қосымшасын 15 қыркүйекке дейін сатып алуы керек әйтпеген күнде әлеуметтік желіге АҚШ-та тыйым салынады деп мәлімдеген болатын.