Трамп тарихтағы ең жойғыш ұшақтың жасалғанын жариялады
АҚШ-тың ұшақ жасаушылары F-47 деп аталатын жаңа буын жойғыш ұшағын құрастырды. Аталған әуе кемесінің тәжірибелік нұсқасы шамамен 5 жыл бойы құпия жағдайда сынақтан өтіп келген.
АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, «Next Generation Air Dominance» (NGAD – Аспанда үстемдік орнататын жаңа буын) жобасы аясында жойғыш ұшақ жасау бойынша 20 миллиард долларлық бағдарламаны Boeing компаниясы иемденген.
Жаңа ұшақ тарихтағы ең жойқын жойғыш деп аталып отыр және ол Lockheed Martin компаниясының F-22 Raptor ұшағының орнын басуы тиіс. F-47 ұшағы сағатына шамамен 2 Мах жылдамдыққа, яғни 1450 шақырым дейін жете алады. Сондай-ақ ол радарға түспейтін озық технологиялармен жабдықталады.
Трамптың сөзінше, бұл ұшақ F-47 деп аталады және оның прототипі 5 жылдан бері сынақтан өтіп жатыр.