Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастайтынын мәлімдеді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Эр-Риядқа сапары барысында Сирияға қарсы санкцияларды алып тастау туралы бұйрық беретінін жариялады. Оның айтуынша, бұл шешім Сирияға даму мен тұрақтылыққа жетуге мүмкіндік беру мақсатында қабылданады.
Сапар аясында Трамп Сирияның өтпелі кезеңдегі президенті Ахмед Аш-Шараамен де кездесті.
Сирия үкіметі Трамптың мәлімдемесіне оң реакция білдіріп, оны құптады.

DPA агенттігінің хабарлауынша, Сирияның бірқатар қалаларында халық бұл жаңалықты қуанышпен қарсы алған. Куәгерлердің айтуынша, Дамаск, Хомс және басқа қалаларда тұрғындар көшеге шығып, автокөлік шеруін ұйымдастырып, жүргізушілер сигнал беріп, жолаушылар ұлттық жалауларды желбіреткен.