Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Трамп сайлауда жеңілсе, билікті бейбіт түрде тапсыруға уәде берді
02:20 / 2020-10-17

АҚШ президенті Дональд Трамп президенттік сайлауда жеңілген жағдайда биліктің бейбіт түрде ауысуын қамтамасыз ететінін мәлімдеді


АҚШ президенті Дональд Трамп 3 қарашадағы президенттік сайлауда жеңілген жағдайда биліктің бейбіт түрде ауысуын қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

Бұл туралы президент Трамп Майамиде (Флорида) өткен сайлау алдындағы митингі кезінде NBC арнасының тележүргізушісі берген сауалға орай «Ия, мен биліктің бейбіт жолмен табысталуын қамтамасыз етемін. Бірақ мен сайлау әділ өткенін қалаймын», - деген ол. Сондай-ақ Трамп командасымен бірге өзінің осы сайлаудағы жеңісіне сенетінін айтқан.

Бұған дейін қыркүйек айы соңында Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында Трамп келесі президенттік сайлауда жеңіліс тапса, билікті демократ Джо Байденге бейбіт жолмен тапсыруға кепілдік бере алмайтынын айтған еді. Бұған себеп ретінде пошта арқылы дауыс беру процесінде сайлаушылар дауысы ұрлануы мүмкін екенін меңзеген.

Трамптың пікірінше, оның қарсыласы сайлауда тек алаяқтық жолмен ғана жеңе алады. 15 қазандағы әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, қазіргі президентті американдық сайлаушылардың 42,3 пайызы, ал Байденді - 51,7 пайызы қолдаған.