Трамп Қатар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы жарлыққа қол қойды
Президент Дональд Трамп 29 қыркүйек күні Ақ үйде Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездескен шақта АҚШ-тың Қатар қауіпсіздігін күшейтуге қатысты арнайы жарлыққа қол қойған.
«Axios» порталының хабарлауынша, атаулы құжатта былай делінген:
– Құрама Штаттар Қатар аумағының егемендігіне немесе маңызды инфрақұрылымына жасалған кез келген қарулы шабуылды өз тыныштығы мен қауіпсіздігіне төнген қатер ретінде қабылдайды. – Мұндай шабуыл болған жағдайда АҚШ пен Қатардың мүддесін қорғау, мемлекеттерімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру үшін барлық заңды шаралар, соның ішінде дипломатиялық, экономикалық және қажет болған жағдайда әскери қадамдар қолданылады.