Трамп пен Путиннің кездесуі 15 тамызда Аляскада өтеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі 15 тамызда Аляскада өтетінін мәлімдеді.
Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Ресей президенті Владимир Путинмен көптен күткен кездесуім келесі жұма, 15 тамыз күні ұлы Аляска штатында өтеді. Толығырақ кейінірек жариялаймыз. Назарларыңызға рахмет!», – деп жазды Трамп.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, екі ел көшбасшылары саммитінің дәл Аляскада өтуі қисынды, өйткені Ресей мен АҚШ – көрші әрі шекаралас мемлекеттер.
Кездесу барысында Украина дағдарысын ұзақ мерзімді бейбіт жолмен шешу, сондай-ақ Аляска мен Арктикадағы екіжақты экономикалық жобаларды талқылау жоспарланған.