АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен шекарадағы қабырғаға шығуды қиындастыру үшін оны қара түске бояуды тапсырды.
Бұл туралы АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм баспасөз мәслихатында хабарлады.
Оның айтуынша, жұмысшылар қазірдің өзінде қабырғаның бір бөлігін бояй бастаған, ал бұйрық тікелей Трамптан түскен.
АҚШ президентінің көзқарасы бойынша, қара түске боялған қабырға мигранттардың оған шығу ниетін жояды, өйткені ол күннің астында қатты қызады.
«Біз бүкіл шекара қабырғасын қара түске бояғымыз келеді», – деді Ноэм журналистерге. Сондай-ақ ол қабырғаның бір бөлігін өз қолымен қара түске бояған.
The Hill газетінің жазуынша, Трамп өзінің алғашқы президенттік мерзімінде-ақ шекарадағы қабырғаны қара түске бояуды қалаған. Ноэмнің айтуынша, мұндай өзгерістер мигранттардың АҚШ-қа заңсыз жолмен келуін тежейді.
2019 жылы Трамп Мексикамен шекарада жай ғана бетон қабырға емес, «көркем безендірілген» қабырға тұрғызуға уәде берген еді.
«Ол әдемі болады және сонымен бірге еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деген болатын Трамп.