Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Трамп Мексикадағы картельдерге қарсы шабуыл жасалатынын мәлімдеді
15:33 / 2026-01-09

АҚШ президенті Дональд Трамп «Fox News» телеарнасына берген сұхбатында Вашингтон Мексикадағы есірткі картельдеріне қарсы құрлық арқылы әскери операцияларды бастауды жоспарлап отырғанын айтты.

Оның сөзінше, Мексиканың бірқатар аумақтарын қылмыстық топтар бақылауда ұстап отыр, ал «АҚШ-та жыл сайын есірткі салдарынан көз жұматындар саны 300 мың адамға дейін жетеді».

Венесуэладағы жағдайға тоқталған Трамп АҚШ бұл елдің жаңа үкіметінен «қажетті дүниенің барлығын» алып отырғанын және мұнай саудасы есебінен триллиондаған доллар табыс табуды күтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол келесі аптада келіссөздер өткізу үшін Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мачадоның АҚШ-қа сапармен келетінін хабарлады.

Ақ үй басшысы сондай-ақ Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар енгізуді көздейтін заң жобасын қолдайтынын тағы бір мәрте атап өтті.