Трамп: Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, елден эвакуацияланды
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуроның жұбайымен бірге «қамауға алынғанын» және «елден әкетілгенін» мәлімдеді.
Ақ үй басшысы бұл туралы Truth Social желісіндегі жазбасында айтқан.
Сонымен қатар Reuters пен AP агенттіктері Каракаста жарылыстар болғанын және бірқатар штаттарда соққылар жасалғанын хабарлады. Ал Венесуэла үкіметі АҚШ-ты айыптап, елде төтенше жағдай мен жаппай жұмылдыру шараларын жариялаған.