English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Трамп Ким Чен Ынның денсаулығы күрт нашарлауына қатысты пікір білдірді
08:33 / 2020-04-22

Кеше Солтүстік Корея басшысының денсаулығы күрт нашарлады деген хабар тараған болатын


АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның денсаулығы күрт нашарлағаны жайлы тараған хабарға қатысты пікір айтып, бұл ақпаратты ешкім растамағанын мәлімдеген.

Ақ үйде өткен бирифингте CNN-нің хабарларына аса сене бермейтінін қосымша қылып «Мен Киммен өте жақсы қарым-қатнастамын. Бұл бүкіл ел үшін пайдалы. Оның денсаулығының нашарлығына қатысты ақпаратты ешкім растамады, бірақ жағдай ауыр болса оның тез сауығып кетуін тілеймін», деп Солтүстік Корея басшысына хабарласатынын айтқан. Журналистердің Солтүстік Кореяда үкіметтің ауысуы мүмкіндігі жайлы сұраққа Трамп тіелей жауап беруге жалтарып «Мен одан бұл жөнінде сұрағым келмейді» деген.

CNN Ким Чен Ынның жағдайына байланысты АҚШ әкімшілігіндегі дереккөзге сілтеме жасап, АҚШ Кимның денсаулығы нашарлығына қатысты барлау жұмыстарын зерттеп жатқанын хабарлады. Алайда, басылым бұл ақпараттың рас өтірігі жайлы дәлелін келтірген жоқ.