Трамп Киевке Украинадағы АЭС-ті АҚШ бақылауына алуды ұсынды
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қауіпсіздік жағдайына байланысты атом электр станцияларын басқаруды өз еліне өткізуді қолдайтынын мәлімдеді.
Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы телефон арқылы келіссөзден көп ұзамай, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолц Ақ үй басшысының атом электр станцияларын АҚШ меншігіне беру Украина энергетикалық инфрақұрылымы үшін ең тиімді қорғаныс болатыны жайлы сөздерін жария етті.
Рубио мен Уолцтың айтуынша, Трамп бұл мәселе бойынша «өте жемісті әңгіме» болғанын атап өтіп, АҚШ «электр энергиясы мен коммуналдық шаруашылық саласындағы тәжірибесін пайдалана отырып, осы станцияларды іске қосуда үлкен көмек көрсете алатынын» мәлімдеген.