Трамп КХДР басшысымен жеке қарым-қатынасты қалпына келтіруге ниетті
Қараша айында АҚШ-тағы сайлауда Республикалық партиядан мемлекет басшысы лауазымына ұсынылған АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп партия съезінде Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен жеке қарым-қатынасты қалпына келтіруге ниетті екенін айтты.
Ол президент ретінде онымен «тату бола алғанын» және нәтижесінде КХДР-ді зымыран сынақтарын тоқтатуға мәжбүр еткенін еске салған.
«Біз келісе алдық, Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруын тоқтата алдық. Қазір КХДР қайтадан зымыран ұшыруда, бірақ біз Ақ үйге оралған соң тағы келіссөз жүргіземіз. Ким Чен Ын да менің Ақ үйге қайта келгенімді қалайтынына сенімдімін», - деген Трамп Милуокидегі партия съезінде.