Трамп Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы санкция енгізді
Дональд Трамп АҚШ пен оның одақтастарын, ең алдымен Израильді қудалағаны үшін Халықаралық қылмыстық сотқа (ХҚС) қарсы санкция енгізді.
Америкалықтар мен олардың одақтастарына қатысты тергеу жүргізіп жатқан тұлғалар мен олардың отбасыларына қаржылық және виза шектеулері қолданылатын болды.
«ХҚС Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты тұтқындау үшін негізсіз ордер беріп, өз өкілеттігін асыра пайдаланды», — делінген Трамп қол қойған жарлық мәтінінде.
Онда айтылуынша, АҚШ пен Израиль «соғыс заңдарын қатаң сақтайтын армиясы бар өркендеп келе жатқан демократиялар».
Гаагада (Нидерланды) орналасқан Халықаралық қылмыстық сот АҚШ-тың санкциялар енгізу ықтималдығына байланысты өз қызметкерлерін қорғау мақсатында оларға үш айлық жалақысын алдын ала төлеп берген.